Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2022

Ақтауда мас жүргізуші алты көлікті соғып кетті

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда мас жүргізуші алты көлікті соғып кетті

1 қыркүйек күні сағат 01:30 шамасында 19-шы шағынаудан 35-ші үйге қарама қарсы жолда жеті автокөлік бір бірімен соқтығысты.

Көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген жүргізуші ішімдік ішкені анықталды. Ол үйдің алдындағы бүйірлік қашықтықты сақтамай, Toyota Prado, Nissan Tiida, Kia Optima автокөліктеріне соқтығысуға жол берген.

Бұдан кейін кінәлі жүргізуші автомобиль жолына шығып, қозғалыссыз тұрған Honda Odyssey көлігіне де соғылды. Бұдан әрі кедергі туындағанын ескермей, жылдамдықты төмендету шараларын қолданбай Toyota Land Cruiser және инерция бойынша Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан.