АСТАНА. 13 мамыр. Еліміздегі сақтандыру компанияларының бірі 2013 жылы жол апатына ұшыраған жеңіл автокөліктерге қатысты түрлі статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, жол көлік оқиғасына мейілінше көбірек қандай түсті машиналар тап келетін зерттеді. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, ақ, сарғыш, сары, фиолет түсті автокөліктер келеңсіз жағдайға басқаларға қарағанда едәуір аз кезігетін көрінеді. Мамандардың пікірінше, ақ, сарғыш және фиолет түсті машиналар жолда анық көрінетіндіктен апатқа сирек түседі екен.
Ал, жұртшылыққа көбірек ұнайтын қара және сұр түсті темір тұлпарлар жол апатына мейілінше жиі-жиі ұшырайтын болып шыққан. Нақтылай айтқанда, сұр қара түсті әрбір бесінші автокөлік бір рет болса да жол көлік оқиғасына кезіккен. Мамандар мұны таң ата әрі кеш батқан кезде күміс және қара түсті автокөліктер жол үстінде көзге әрең ілігетінімен түсіндіріпті.
Сол сияқты, қызыл автокөліктер де қауіпті екен. Өйткені, қызыл көлікті әдетте жас жігіттер мен қыздар таңдайды. Ал, жол апатына тап келетіндердің көбісі осы топтағылар. Кейбір деректерге қарағанда, еліміз бойынша жол-көлік оқиғасына кінәлі 24 пен 33 жас аралығындағы ер азаматтар жалпы жол апатының 37 пайызын, қыздар 38 пайызын құрайды.
Мамандардың пайымдауынша, қара немесе қызыл түсті машинаны қалайтын жүргізушілер әдетте жүйіткіп жүргенді жақсы көреді. Әрі спорттық автокөліктердің көбі қара немесе қызыл түсті көрінеді.
Реті келгенде айта кетейік, 2013 жылы еліміз бойынша 23 359 жол апаты тіркеліпті. Соның салдарынан 3 мыңнан аса адам қайьыс болып, 29 мың жан түрлі жарақат алған.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: semey.tv.
• 13 Мамыр, 2014
Түсі қара немесе сұр автокөліктер көбірек жол апатына ұшырайтын көрінеді

Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45