Таным • 04 Қыркүйек, 2022

Киіз үй пішіндес шырағдан

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы бұл жәдігерді бір қарағанда киіз үй деп ойлап қалғанбыз. Өйткені пішіні соған келіп тұр. Десе де бұл киіз үй пішіндес жәдігеріміз шырағдан болып шықты. Музейге келушілердің басым көпшілігі әуелде киіз үй деп ойлап қалады екен.

Киіз үй пішіндес шырағдан

Қолда бар деректерге жүгінсек, құн­ды жә­дігерді тараздық экскаваторшы Питер Левичев тапқан екен. Шырағдан бұрынғы базар маңында жүргізілген қазба жұмыс­тары кезінде табылған көрінеді. Осылайша, ғасырлар бойы ежелгі шаһар орнында көмулі күйінде жатқан жәдігер музей қорын толық­тырған. Ал музейге келген қонақтар аталған жә­ді­гердің тари­хы туралы жиі-жиі сұрайтын көрінеді.

«Киіз үй пішіндес шы­рағдан ғалым­дардың ай­туынша, ІХ-Х ға­­сыр­лардан жет­­кен жә­дігер саналады. Оның төменгі жағының диа­метрі

18 сантиметр болса, жалпы биіктігі 14 сан­ти­метрді құрайды. Жұртты дәл осы бұйым­­ның уақытында қан­­дай мақсатпен пай­да­­ланылғаны қызық­ты­ратынын байқап жүр­міз. Алайда бұл мәселеге қатысты ғалым­дар­дың да пікірі екіге жарылып отыр­ға­нын айта кеткен ләзім. Мамандардың бірі жә­­дігер­ді адамдар кезінде діни атрибут ретін­де пайдаланған десе, енді бір маман­­дар әдеттегі шамның қызметін ат­қар­ған деген­ді алға тартады. Сон­­дықтан нақты бір кесім­ді пікір айту – қиынның қиы­ны. Қалай болған күн­де де бұл шы­рағдан біз­дің му­зей­дегі құнды жәдігер­лер­дің сана­тын­да», дей­ді облыстық тарихи-өл­ке­тану му­зейі­нің қыз­мет­кері Ай­дана Ме­ке­мова.

 

ТАРАЗ