Қоғам • 05 Қыркүйек, 2022

Halyk Bank-тің көмегі

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында үйлері өртеніп кеткен отбасыларға Halyk Bank-тен 1 млн теңге беріледі. Бұл жөнінде банктің баспасөз қызметі әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарлады.

Halyk Bank-тің көмегі

Ресми ақпаратта Halyk Bank-тің Қостанай облысындағы алапат өрт кезінде үйлері күлге айналған әр отбасыға 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көр­сетілетіндігі жөнінде айтылған. «Бұл қаржыны баспаналарынан айырылған адамдар күш жинап, ең қажеттісі – тұрғын үйді жалға алуға, киім-кешек, тамақ және қа­жетті тауарлар сатып алуға жұм­сауға мүмкіндік алады» делінген хабарламада.

Сонымен қатар банк бас­шылығы жанып кеткен үйлердің барлық иесіне Halyk Bank-тегі қолданыстағы кредиттерді жабу туралы шешім қабылда-
ды.

Банк басшылығы мен ұжымы Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарының өрт салдарынан зардап шеккен барлық тұрғынына жанашырлық танытып, олардың өмірлері жақын арада үйреншікті қалыпқа келеді деген үмітте.