Мүгедек волейболшылар волейболды отырып ойнайды. Бір ерекшелігі, волейболды отырып ойнаудан ел құрамасы атыраулық мүгедектерден жасақталған. «Мүгедектер» спорт клубының директоры-бас жаттықтырушы Бауыржан Тахауовтың айтуынша, ел құрамасы саналатын атыраулық команда Азия чемпионатында Моңғолия, Жапония, Ирак құрамаларынан айқын басымдығын танытыпты. Тек ақтық бәсекеде ғана Иран елінің командасынан ұтылған. Бірнеше рет әлемдік бәсекелерде топ жарған ирандық волейболшыларға есе жіберген атыраулық мүгедек волейболшылар Польшада өтетін әлем чемпионатына берілетін үш жолдаманың бірін ұтып алды. Әлем чемпионаты маусым айында өткізілмек.
– Ал күзде Кореяда өтетін Рио де-Жанейродағы параолимпиадалық ойындарға лицензия беретін сайыстарға қатысамыз. Шеберлігіміз сынға түсетін сол сайыста параолимпиадалық ойындарға қатысу жолдамасына ие болуды көздеп отырмыз, – дейді мүгедек волейболшылар командасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.
Суретте: Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленген волейболшылар.
• 14 Мамыр, 2014
Атыраудың мүгедек волейболшылары Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше