Алдымен тай жарысы басталып кетті. Әлгінде ғана ауыздықтарымен алысып, тізгін ұстаған баланы ала қашып, бір орында байыз таба алмай тұрған тайлар 3 шақырымға жіберіліп, мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен Көксу ауданының «Бақтұмар» атты торы тайы 150 мың теңгені жеңіп алды. Лезде басталған қыз қуу халықты қызықтыра, әп-сәтте қатар отырған адамдар ұл мен қызды жақтап екіге бөліне қалғанының өзі бір ғанибет. Құйғыта шауып қызды қуып жетіп қыпша белден қыса ұстап, беттен сүйіп үлгерген жігіт қайта бұрылып межелі жерге жеткенше жон арқасынан қыз бірнеше рет қамшы салып, елді күлкіге бөлей білді. 9 шақырымдық құнан бәйгеде Кербұлақ ауданының «Маралқасқасы» бас жүлдені жеңіп алса, 15 шақырымдық топ бәйгеде Балқаш ауданынан келген «Қоңырөлең» деген ат озып шықты. Жорға жарыста Еңбекшіқазақ ауданының «Весвольт» атты тұлпары бас бәйгені ұтып алды. 21 шақырымдық аламан бәйгеде Ескелді ауданынан әкелген «Мыңқасар» деген тұлпар өзге аттардан оқ бойы оза шауып бас бәйгеге тігілген темір тұлпарды иесіне ұтып берді.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
ТАЛДЫҚОРҒАН.

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше