Провинция әкімшілігінің хабарлауынша, магнитудасы 5,3 баллдық жер сілкінісі дүйсенбіге қараған түні тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Нұргүл (Нур Гюль) ауданында болған.
Барлығы тоғыз адам ауруханаға жатқызылған. Зілзала салдарынан ондаған ғимарат қираған.