Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022

Керуен жолға шықты

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көршімізді қиындықта қалдырмаймыз. Төтенше жағдай­да қиындықтан шығудың маңызды ережесі – өзара көмек және бірлік. Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі осындай. Ғасырлар бойы құндылықтар мен дәстүрлер өзгермейді.

Керуен жолға шықты

Қостанай облысындағы таби­ғи өрттен зардап шеккен отба­сы­лардың балалары туралы хабардан кейін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов зардап шек­кен аудандарға гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жедел штаб құруды тапсырды.

Ақтөбеліктер көрші өңірдің Әулиекөл, Ұзынкөл және Қара­ба­лық аудандарының тұр­ғын­дарына моральдық және мате­риалдық гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін білді­ріп, облысқа дәрі-дәрмектер, киім-кешек, азық-түлік, жеке ги­гиена заттары және басқа да тұр­мысқа қажетті заттар тиелген гу­манитарлық автокеруен жіберді.

Amanat партиясының филиалдарында ашылған 13 гума­ни­тарлық көмек пунктіне қайы­рымды азаматтар киім, төсек-орын жабдықтарын және бірінші кезекте қажетті заттарды алып келуде.

 

Ақтөбе облысы