«Біз қазір ойланып жатырмыз. Мүмкін мұны облыстық мұнай базалары деңгейінде жасайтын шығармыз. Қазір әкімдіктермен жұмыс істеп жатырмыз, бәлкім, шағын мұнай базаларын құруға болар», деді министр.
Ол сондай-ақ малшыларға дизель отынын субсидиялау мүмкін емес деген мәселеге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселемен Ауыл шаруашылығы министрлігі айналысуы керек. Содан кейін ғана Энергетика министрлігі жөнелтетін жеңілдетілген отынға сұранысты қалыптастырады.