Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2022

Қазақстан Моңғолияның ағаш отырғызу жобасына қатысуы мүмкін

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан елшісі Ғалымжан Қойшыбаев Моңғолия Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Эрдэнэцогтын Одбаярмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Моңғолияның ағаш отырғызу жобасына қатысуы мүмкін

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективалық бағыттары туралы пікір алмасты, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған екіжақты, оның ішінде Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы аясында атап өтілетін іс-шаралардың кестесін талқылады.

Эрдэнэцогтын Одбаяр Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың бастамасы бойынша іске асырылып жатқан миллиард ағаш отырғызу жөніндегі жобаға Қазақстанның қатысуына қызығушылық танытты.

в

Ғалымжан Қойшыбаев екі елдің аталған бағыттардағы ұлттық бағдарламалары мен жобаларының мақсаттары мен міндеттерінің ұқсастығын айта отырып, өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында аталған мәселелерді алдағы үкіметаралық комиссия отырысының күн тәртібіне енгізуді ұсынды. Сонымен бірге, ол контрәріптесін бір күн бұрын болған Моңғолия Үкіметінің жаңа құрамының бекітілуімен құттықтап, қазақ-моңғол әріптестігін барлық бағыттарда одан әрі нығайту мақсатында екі елдің тиісті министрліктері мен ведомстволары арасында тікелей байланыс орнатуға белсенді түрде жәрдемдесуге қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің әзір екенін жеткізді.