АСТАНА. 14 мамыр. Елордада улы масалар пайда болды деген хабар жай ғана қауесет болып шықты. Бұл туралы «24kz» хабарлады.
Астана қалалық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нағима Шатаева улы масаларға қатысты ақпараттың негізсіз екенін алға тартып отыр. Ол: «Улы масалар таратуы мүмкін деген безгек ауруы субтропикалық сипатқа ие. Қазақстан субтропикалық аймақта орналаспаған. Оның үстіне елімізде безгекпен ауырған адамдар тіркелген жоқ. Сол себепті тұрғындардың алаңдауы негізсіз», – деді.
Биыл қаланы дәрілеу ісіне бюджеттен 129 млн. теңге қаралған. Дезинфекциялық жұмыстарды «Астана-Зеленстрой» коммуналдық кәсіпорны атқаруда. Айына бір мәрте жүргізілетін залалсыздандыру шарасына 60-қа жуық маман қатысуда. Бұлар Есіл жағасы мен саябақтарға көбірек көңіл бөліп отыр. Қаланы дәрілеу қыркүйекке дейін жалғаспақ.
Аталған департменттің бас маманы Айбарша Дүйсенбайқызының айтуынша, қалада инфекция көзі жоқ. Ал дезинфекциялық шараларды жүргізудегі мақсат – безгек ауруларының алдын алу.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «24kz».
Фото: elementy.ru.

Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Үкімет • Бүгін, 12:39
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Бюджет • Бүгін, 12:30
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Футбол • Бүгін, 12:18
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Бюджет • Бүгін, 12:08
Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20
Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05