14 Мамыр, 2014

Қытай Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуін қолдайды

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
sagintaev02АСТАНА. 14 мамыр. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстан мен Қытай баламалы энергия көзі бойынша өзара ынтымақтастық мәселесін талқылайды деп мәлімдеді. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бақытжан Сағынтаев Қытай халық республикасы  Қазақстанның ЭКСПО-2017 өткізуіне қолдау білдіретінін жеткізді. Сонымен қатар, ол екі елдің экономикалық байланыстарын дамыту тұрғысында әңгіме өрбіте келе, мұнай-газ саласындағы бірлесе атқарылып жатқан жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп отырғанына тоқталды. Үкімет басшысының бірінші орынбасары: «Едеуір көлемдегі база құрылды. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысы туралы келісім жасалды, жобаның екінші кезеңін қаржыландыру мәселесі шешілді, сондай-ақ, «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының екінші кезегінің құрылысы басталды», – деді. Бақытжан Сағынтаевтың келтірген деректеріне қарағанда,  осы жылдың басына қарай елімізге Қытай тарапынан құйылған инвестиция көлемі 20 млрд. доллардан асқан. Оның 5,68 млрд. доллары тікелей инвестиция. 2013 жылы екіжақты сауда көлемі 22,5 млрд. долларға жеткен. Мұның 14,3 млрд. доллары экспорт болса, 8,1 млрд. доллары импорт. Жолдыбай Базар. Дереккөз: ortcom.kz. Фото: ortcom.kz.
Соңғы жаңалықтар

Жошының жорығы мен жосығы

Мирас • Бүгін, 12:55