Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысында сібір жарасы анықталды

687 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Федоров ауданына қарасты Костряков ауылдық округінде ірі қара мал арасында сібір жарасының пайда болуына байланысты карантин енгізілді. Бұл туралы Egemen.kz еldala.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысында сібір жарасы анықталды

Запасное ауылының аумағында да карантин енгізіледі деп жоспарлануда.

Айта кетсек, өткен жылдың шілде айында сібір жарасы Қостанай облысы Денисов ауданы Приречное ауылында анықталған еді. Ал қараша айында ауру сол ауданның Жалтыркөл ауылындағы шаруашылықтардың бірінде тіркелді.

Қостанай облысында сібір жарасы бойынша 156 стационарлық-қолайсыз пункт бар. Бұл - ауру малдың тұшалары көмілген елді мекендер. Облыста барлығы осындай 308 жерлеу орны бар.