Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің екі жолаушысы (1984 және 1978 ж.т. ер адамдар) оқиға орнында қайтыс болған. Аталған көлікте болған 24 жастағы жүргізуші мен оның екі жолаушысы (1982 жылы туған ер адам мен 2002 жылы туған жігіт) түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 4 бөлігі 345-бабы «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.