14 Мамыр, 2014

Атырауда экстремизм мен терроризм қылмысы 50 пайызға азайды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-05-14-sud_atyrau

АТЫРАУ. 14 мамыр. Атырау облысында діни экстремизм мен терроризмге қатысты қылмыстар 50 пайызға азайды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Облыстық прокуратурасында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс жасайды. Осы кеңестің кезекті отырысында Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның өңірдегі орындалу мәселесі қаралды. Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар жанындағы ақпараттық-насихаттау топтарының құрамына жоғары кәсіби мемлекеттік қызметшілер, білікті теологтар, имамдар және мұғалімдер енгізілген. Мұндай ақпараттық-насихаттау топтардың жұмысы облыстың діни ахуалына оң әсерін тигізіп отыр. Соның дәлеліндей, биыл Атырауда экстремизм және терроризммен байланысты қылмыстар өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 50 пайызға төмендеген. Нақтылай айтқанда, биылғы жыл басынан бері 4 қылмыс тіркеліп отыр. Оның 3-уі бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстіңің 233-3-бабымен (террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру),  тағы біреуі бойынша  бойынша  Қылмыстық Кодекстің 233-2-бабымен (террористік топтың қызметіне немесе ол жасаған терроризм актілеріне қатысу) қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. Жолдасбек Шөпеғұл. Дереккөз: Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. Фото: rus.azattyq.org.  
Соңғы жаңалықтар

Жошының жорығы мен жосығы

Мирас • Бүгін, 12:55