15 Мамыр, 2014

Қызғалдақ балы

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық уни­вер­сите­тінің арулары мен Алматы Радиоэлектроника мен байланыс әскери-инженерлік институты курсанттарынан құралған 70 жұптың қатысуымен көңілді тербеген Қызғалдақ балы болып өтті. 11-1 4-2.jpg к 14 Бір қы­зығы – шаттықты әуез салтанаты қыздар университетінің 70 жылдығы құрметіне 70 жұп өзгеше мерекені полонез биімен бас­­­­тады. Айналаны толқытқан керемет әуез поло­незден бастап, полька, мазурка мен Вена вальсінің ырғағы әйгілі «Тақиялы періш­­­те» кино­фильмінен үзіндіні таныстырды. «Одис­сей» әніне бөленген би ыр­ғағы мың бұралды. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық уни­вер­си­тетінің ректоры Динар Нөкетаева мерекелік шараға қатысушы жас­тарды Алғыс хаттармен марапаттады. Бал атына сай қыз­ғал­дақ гүлдерін жау­дырды. Университеттің 70 жыл­дығы құрметіне өткі­зілген Қыз­­ғалдақ ба­лы тұңғыш рет мерекелік салтанатқа ұласты. «Егемен-ақпарат».