15 Мамыр, 2014

Сарайшық сыры

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атыраудағы Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітап­­ханада Сарайшық туралы жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Қазақстан Жазушылар және Жур­на­­­листер одағының мүшесі, «Қазақ­стан-Zaman» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлының «Сарай­шық ханшасы және Иван Грозный» атты кітабы «Таймас» баспа үйінен 1000 данамен жарық көрген. «Сарайшық ханшасы және Иван Грозный» атты қос желілі тарихи романда тарихымыздың терең қойнауында қалған Сарайшық қаласының сол кездегі (ІХ-ХVI ғасырларда) өмір тынысы мен тіршілігі, өркендеу мен гүлдену дәуірі және күйреуін аңыздық мифологиялық кейіпкер Аққу ханша және басқа да тарихи тұлғалар арқылы шынайы суреттедім. 1581 жылы әлем­дегі ең сұлу қа­­лалардың бірі, Ноғай ордасы мен Қазақ ханды­ғының астанасы болған Сарай­шықты орыс патшасы Иван Грозный қираттырады. Бейбіт қаланың тұрғындарын, байлығын тонайды. Қосарлы желіде Аягүл бастаған балалар қаланың тарихын зерттейді және өлі қаланың Жайық өзеніне жұтылып кетпеуі үшін күрес жүргізеді. Романның тар­тысты да, шытырман оқиғалары жас оқыр­мандарды ғана қызықтырмайды, тарихи-таным­дық тұрғыда айтылған мәселелер аға буын­ның да назарын аударары сөзсіз», – деді кітап авторы. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.