Қаржы • 09 Қыркүйек, 2022

Доллар бағамы төмендеді

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 3,88 теңгеге төмендеп, 473,35 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы төмендеді

Ресей рублінің орташа бағамы аздап төмендеп, 7,80 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа бағамы керісінше көтеріліп, 68,29 теңгені құрады.

Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 477,27 теңгеге белгілеген.

Айырбас пункттерінде америкалық долларды 473-477 теңгеден, еуроны - 475-481 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 7,3-7,65 теңге.

Сонымен қатар 9 қыркүйектегі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсуде.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайына арналған қараша фьючерстерінің құны 0,75%-ға өсіп, барреліне $89,82 құрады.

NYMEX Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында қазан айында WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы 0,54%-ға қымбаттап, бір баррелі $83,99 болды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50