Спорт • 09 Қыркүйек, 2022

Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегіне супер жүлде тігілді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBC) Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегіне арнайы «Zapoteca белбеуі» жүлдесін дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегіне супер жүлде тігілді

Боксшылар 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы «T-Mobile» аренада үшінші рет қолғап түйістіреді.

«Жекпе-жекке Бүкіләлемдік бокс ұйымы «Zapoteca белбеуі» атты арнайы супер жүлде тіккелі отыр. Ол «Қабылан-жауынгер белбеуі» деп те аталады. Белбеу 17 қыркүйектегі «Канело» Альварес пен Геннадий Головкиннің үшінші айқасында жеңімпазға беріледі», делінген talkSPORT.com порталында.

Айта кетейік, «Zapoteca белбеуі» атты арнайы супер жүлде «Ең мықты жауынгер» аталымында беріледі. 

Ғылымнұр КӘРІБАЙ