Әсіресе, туристер көп келетін жаз маусымында Ұлттық паркте санитарлық тазалау жұмысы қыза түскен. Мәселен, көлдердің жағалауынан, адамдар көп жиналатын жерлерден маусым айында 216 тоннаға жуық, шілдеде 512 тоннадан артық, тамызда 301 тоннадан астам қоқыс жиналған.
– Санитарлық тазарту жұмысы күн сайын жүргізіледі. Жұмыс күні қоқыс үш рет, демалыс пен мереке күндері төрт рет шығарылады, – дейді парк директоры Сергей Быков.
Ұлттық саябақ аумағына қоқыс жинайтын 60 контейнер қойылған. Оның 30-ы Бурабай көлінің жағалауында. Одан бөлек ұсақ қалдықтарды салатын 100 жәшік бар. Курортта барлығы 31 қоғамдық санитариялық торап жұмыс істеп тұр.