Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базасында өткен шараға осы оқу орнының заң, теңіз саласы, экономика, педагогика мамандықтары бойынша соңғы курстарда оқитын 200-ден астам студент қатысты. Жастарға Саяси менеджмент мектебінің оқытушылары сабақ берсе, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Б. Өтепбаев қатысып, қор арқылы қалай кәсіп ашуға болатыны туралы мәліметтер берді.
Семинар-тренинг барысында студенттер еліміздегі «Назарбаев Университеті» сынды ЖОО-да ғана емес, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелдерде әрі қарай білім алудың мүмкіндіктері туралы мәліметтер алды. Сондай-ақ, жастарға болашақта жұмысқа орналасудың мейлінше перспективалы құрылымы мен салалары көрсетіле отырып, ағымдағы еңбек нарығына сараптама жасалды, «Жұмысқа сәтті орналасу технологиясы», «Көшбасшылық машықтар мен менеджмент негіздері» тақырыптарында тәжірибелік тренингтер өткізілді.
– Лайықты еңбекпен қамту – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адами ресурстар әлеуетін жүзеге асыру мен дамытудың маңызды шарты, өмір сапасын арттыру және қоғамдық байлықты көбейтудің басты құралы. Қазіргі таңда елімізде жұмыссыздық мәселесі жастар арасында өзекті болып тұр. ЖОО түлектері жұмыс тәжірибесінің аздығы мен тәжірибе машықтарының жоқтығынан халық арасында әлеуметтік қорғалмаған топқа жатады. Сондықтан, біз олардың жаңадан басталатын өмірлеріне сенімді серпін беріп, өз қабілеттеріне қарай жол таңдай білуі, таңдаған жолға түсуде кедергілерден қалай өту керектігін өз тәжірибеміз бен білімімізге қарай түсіндіруге тырыстық, – дейді аталмыш мектеп оқытушысы Жанель Сариева.
Енді жобаны жүзеге асыру аяқталғанша ай сайын оқытылған студенттердің жұмысқа орналасу мониторингі жүргізіліп отырмақ. Тыңдаушылардың жұмысқа орналасуы және жұмысқа әрі қарай бейімделуі жөнінде сараптама жүргізу үшін барлық мәліметтер CRM базасында тіркеледі.
– Бізде бұған дейін де осы бағытта оқулар болған. Бірақ бұл жолғы семинар тренинг өте жоғары деңгейде өтуде. Әрі біз соңғы курста оқып жүргендіктен олардың айтқандарының бәрі де ертең алдымыздан шығатынын біліп, барынша зейін қойып тыңдадық. Мәселен, бизнес-жоспарды қалай жасау керек, түйіндемені қалай дұрыс жазып, әлеуметтік интернет желілері арқылы жұмысты қалай оңай әрі тиімді табуға болатыны туралы тақырыптар қызықтырды, – дейді Ш. Есенов атындағы КМТжИ университетінде реал мамандығы бойынша білім алып жатқан студент Жанар Сәрсенова.
ЖОО жас түлектерінің еңбек етуді бастауына дайындайтын бұл жоба олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, сәтімен жұмысқа тұруына ықпал етпек. Шараға қатысқан студенттерге «Соңғы курс студенттерін оқыту» атты кітапшалар таратылды. Онда семинар-тренингте екі күн бойына айтылған барлық кеңестер жарияланған. Семинардан сеніммен шыққан жастардың үміті үлкен.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АҚТАУ.

Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Үкімет • Бүгін, 12:39
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Бюджет • Бүгін, 12:30
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Футбол • Бүгін, 12:18
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Бюджет • Бүгін, 12:08
Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20
Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05