Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қыркүйекте Алматы-Ташкент жолының 219-шақырымында жол апаты болды.
«Түстен кейін сағат 14:30 шамасында «Фольксваген Пассат» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі Қордай ауылы бағытынан Әлжан Ана ауылы бағытында келе жатқан. Салонда төрт жолаушы болған. Рульді басқара алмаған жүргізуші инерция салдарынан ағашқа соғылды. Оқиға салдарынан 26 жастағы жүргізуші мен Volkswagen Passat көлігінің үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», деп түсіндірді құқық қорғау органының баспасөз қызметі.
Түрлі дене жарақаттарымен тағы бір жолаушы Қордай ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды.