2014 жылғы 20 наурыз, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкімет қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №249 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы №15 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, №2, 11-құжат). 2. «Оралмандарды көшіп келу квотасына енгізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі №858 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №35, 400-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы№978 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №40, 458-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы №15 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы №7 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №6, 78-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы №15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №230 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №24, 295-құжат). 6. «Оралмандардың 2012 – 2014 жылдарға арналған көшіп келу квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы №1581 қаулысы.
Қоғам • 15 Мамыр, 2014
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №249
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Үкімет • Бүгін, 12:39
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Бюджет • Бүгін, 12:30
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Футбол • Бүгін, 12:18
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Бюджет • Бүгін, 12:08
Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20
Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:15
Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05