Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2022

Шымкенттің 34 мың тұрғыны газбен қамтылады

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаратау ауданына қарасты шағын аудандардың тұрғындары көгілдір отын мәселесіне бұрын да шағымданған. Енді бұл мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкенттің 34 мың тұрғыны газбен қамтылады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, халық қалаулылары, жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдері Азат елдімекеніндегі газ қосу шарасына қатысты.

Мұнда жалпы 8,9 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыс толық аяқталды. Нәтижесінде 519 абонент көгілдір отынмен қамтылады. Қазіргі уақытта «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы абоненттеу жұмыстарын жүргізуде.

ш

Биыл Шымкенттің 15 нысанын газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран-2, Сәуле елдімекендері және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталады. Енді 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылады деп күтілуде.

г

Қала басшысы елдімекендерді табиғи газбен қамту жоспарымен бөлісіп, бұл маңызды істің жүзеге асырылуындағы «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ басшылығының қолдауына алғысын білдірді.

Мердігер мекеме және сала басшылығына күн суытпай абоненттеу жұмысын аяқтауды тапсырды.