Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2022

ШҚО-да жеті адамға несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында жеті адамға несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да жеті адамға несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Зайсан ауданының тұрғындары 2 270 000 теңге тауарлық несие рәсімдеген танысына шара қолдануды сұрап, аудандық полиция бөліміне хабарласқан.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы Зайсан қаласының тұрғынын ұстады.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары алаяқтың тағы бес адамды алдағанын анықтады. Бойжеткеннің алаяқтығынан келген жалпы шығын көлемі шамамен 7,4 миллион теңге.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады, сондай-ақ оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды

Аталған факті бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20