Аймақ басшысының орынбасары Ғ.Құсманғали Қазақстан футбол федерациясының президенті А. Барменқұловпен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдегі футболды дамыту перспективалары талқыланған.
«Атап айтқанда, тараптар балалар футболын дамытудың, кадрлар даярлаудың, инфрақұрылым құрудың, сондай-ақ «Еңбек» клубын жандандырудың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша облыста футболды дамытудың бірлескен бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды», деп жазылған хабарламада.