Ауа райы • 16 Қыркүйек, 2022

Еліміздің бірқатар облысында 6 градусқа дейін аяз болады

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнде тұман түсіп, аяз болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің бірқатар облысында 6 градусқа дейін аяз болады

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста республиканың орталығында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың шығысында жаңбыр жауады. Сондай-ақ ел аумағында желдің күшеюі күтіледі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстікте, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Абай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, орталықта түнде 1-6 градус аяз күтіледі.

Жетісу облысының таулы аймақтарында. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді

.