Оқиға • 16 Қыркүйек, 2022

Тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстан 11 адам зардап шекті

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 қыркүйек күні сағат 10:00-де қырғыз-тәжік шекарасында болған оқиғадан зардап шеккен 11 адам Баткен облыстық ауруханасына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Баткен облысының денсаулық сақтау үйлестірушісіне сілтеме жасап.

Тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстан 11 адам зардап шекті

Оның айтуынша, жаралылардың жағдайы мен диагнозы туралы ақпарат кейінірек беріледі.

«Баткен облысының барлық денсаулық сақтау ұйымдары мен жедел жәрдем қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Ауруханаларда медициналық көмек көрсету үшін қан компоненттерінің, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың жеткілікті көлемі бар», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше