Prosports.kz порталы 72 келіге дейінгі салмақтағы жарыстың финалында отандасымыздың америкалық Амит Елордан жеңіліп қалғанын жазды.
Жәмила Бақбергенова турнирді ширек финалда бастап, өзбекстандық Светлана Окназарованы мерзімінен бұрын жеңген еді. Содан кейін жартылай финалда Александра Анхелден (Румыния) басым түсті.