Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2022

Алматы қаласында есірткі ошағын ұйымдастырған тұрғын ұсталды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Түрксіб ауданында есірткі ошағын ұйымдастырған 39 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласында есірткі ошағын ұйымдастырған тұрғын ұсталды

«Есірткіні сатып алғаны және сатқаны үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы Б. есімді азаматша есірткі өндіру ошағын ұйымдастырғаны және қамтамасыз еткені үшін ұсталды. Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық ПБ тергеу бөлімінде ҚР ҚК-нің 302-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел адам үйін нашақорларға беріп, синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Соңғы сатып алуда күдікті мен оның досы тұрақты тұтынушыға ақ ұнтақты және ерекше иісі бар полиэтилен бумасын сатқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – синтетикалық есірткі», деді Алматы қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Ұсталған сәтте пәтерде иесінен басқа үш ер адам болған. Олардың есірткі қолданғаны анықталды. Рұқсат етілген тінту кезінде полицейлер 19 медициналық пипетка мен шприц тәркіледі.