Әлем • 19 Қыркүйек, 2022

Ассизи рухы – Астанада

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бас қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті. Қонақтардың арасында Рим Папасы Франциск болды.

Ассизи рухы – Астанада

2003 жылы ең алғашқы конгресс өткенде Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Анджело Содано: «Ассизи рухы Астананың рухына айналсын» деген болатын. Расында, Рим Папа­сы Францисктің туған жері Италия­ның Ассизи қаласында бұдан 36 жыл бұрын түрлі дін көшбасшылары кез­де­сулерінің тарихы басталғанын білетін­дер аз. Осы күнге дейін әлемдік дін көш­бас­шылары бірігіп, мәселелерін талқы­лаған емес.

«Бүгінде біз Құдай туралы айтамыз. Бірақ дін жиі өшпенділіктің, соғыстың, лаңкестіктің құралы ретінде жиі теріс пайдаланылады. Сондықтан бүгінде Ассизи рухы Қазақстанмен қатар барлық жерлерде қалықтауы қажет», деді съезде сөйлеген сөзінде Рим Папасы.