Тағайындау • 19 Қыркүйек, 2022

Қарағанды ​​облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұрат Сәкенұлы Мағзин Қарағанды ​​облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz  облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды ​​облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Мұрат Мағзиннің кандидатурасы конкурстық комиссияның шешімімен ұсынылған.

Мұрат Мағзин еңбек жолын 2000 жылы «Испат-Кармет» АҚ КД В. И. Ленин атындағы шахтасында тау-кен шебері болып бастаған.

2004 жылдан бастап мемлекеттік қызметте – Абай ауданында құрылыс және қала құрылысы; ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2006 жылдан 2015 жылға дейін осы ауданда құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқарды.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі таңға дейін Абай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.