Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2022

СҚО-дағы Сасықкөлдің атауы өзгерді

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі қаулысымен Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан көлдің атауы өзгертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-дағы Сасықкөлдің атауы өзгерді

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округінің аумағында орналасқан Сасықкөл көлі Мәриямкөл көлі болып қайта аталсын», делінген құжатта.

Қаулы 2022 жылдың 16 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді.

Айта кетсек, Қазақстанда «Сасықкөл» деп аталатын төрт көл бар, олардың екеуі Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15