Президент • 19 Қыркүйек, 2022

Мемлекет басшысы жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен кездесті

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке сапары барысында Citi, Goldman Sachs, NASDAQ, Auerbach Grayson & Company LLP, Franklin Templeton, Brightlight Capital, AllianceBernstein, Jefferies Financial Group, Luxor Capital Group, Paine Schwartz Partners LLC, New Silk Road Forum, Robotti & Company Advisors, TPG Capital, Grupo Los Grobo сияқты жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық қаржыгерлерге Қазақстандағы ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы бұл маңызды өзгерістердің қаржы-экономика секторына ықпалы тұрғысынан мәні зор екенін жеткізді.

«Бизнес пен қаржы институттары үшін бұл нені білдіреді? Бұл нарыққа шығу жолын кеңейту мен ашықтықты қаматамасыз ету. Жалпы, жеке сектор мен халықаралық серіктестер үшін жаңа мүмкіндіктер ашу дегенді білдіреді», деді Президент.

н

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың маңызды секторларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы Қазақстанның мүмкіндіктеріне назар аударды.

Мемлекет басшысы  өз сөзінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен ынтымақтастықтың перспективаларына тоқталды. Президент Қордың активтерін жекешелендіруге байланысты жаңа мүмкіндіктер ашылатынын атап өтті.

,

Сонлдай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, жасыл экономика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы еліміздің зор әлеуетіне, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығында жасалған қолайлы жағдайға назар аударды.

Кездесу соңында Президент Қазақстан Үкіметі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда америкалық іскер топтарға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

,