Әлем • 20 Қыркүйек, 2022

Угандада Эбола індеті тіркелді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Уганданың орталығында Эбола індетінен бір адам қайтыс болды. Бұл туралы сейсенбіде Уганданың денсаулық сақтау министрі Джейн Асенг айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Угандада Эбола індеті тіркелді

«Мубенде ауданы, Нгабано ауылында тұратын 24 жастағы ер адамда Эбола ауруы расталды, жұқтырған адам қайтыс болды», деп жазды Chimpreports жергілікті ақпараттық порталы.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, Эбола вирусының таралуын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылданып жатыр.

«Бұл аурумен күресу біздің тәжірибемізде бар. Біз оған толық дайынбыз», деді министр Джейн Асенг.

Эбола індеті Угандада 2000 жылы өршіген еді. Сол сәтте індеттен жүздеген адам қайтыс болған-ды.

Эбола вирусы жабайы жануарлардан жұғады, содан кейін адамдарға таралады. Аурудың алғашқы белгілері - қызба, бұлшықет ауруы, бас ауруы және тамақ ауруы. Одан кейін бүйрек пен бауыр қызметінің бұзылуы байқалады, кейбір жағдайларда ішкі және сыртқы қан кетулер басталады.

Эбола вирусын жұқтырған алғашқы адам 1976 жылы қазіргі Кондок аймағында тіркелген. Жұқтырғандар саны бойынша ең үлкен індет 2014-2016 жылдары Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде орын алды. Оның құрбандарының саны 11 мыңнан асты.