Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2022

Төтенше жағдайлар министрі отставкаға кетуге дайын

3855 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстанда жиілеп кеткен өртке байланысты отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрі отставкаға кетуге дайын

Юрий Ильин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев немесе Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті шешім қабылдаса, қызметтен кетуге дайын екенін айтты.

«Мұндай шешімді Президент пен Үкімет қабылдайды. Егер олар менің құзіреттілігім жеткіліксіз деп санаса, мен отставкаға кетемін», деді министр.

Сондай-ақ ол журналистерге Атырау облысында өрт жағдайы нашарлап бара жатқанын айтты.

«Температураның жоғарылауына байланысты өрт қаупі әлі де сақталады. Сондықтан мамандар өңірді тікұшақтан бақылап отыр», деп атап өтті министр.