Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2022

Кен орны қалдықтарын реттеу жүйесі

373 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Теңізшевройл (ТШО) Атырау қаласында қалдықтарды реттеу бойынша форум өткізді. Форумның мақсаты – отандық компаниялардың қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы тәжірибесімен, соңғы жетістіктерімен танысу. Әлеуетті қызмет жеткізушілерін іздеп, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату әдістері бойынша халықаралық тәжірибелерді қарастыру.

Кен орны қалдықтарын реттеу жүйесі

Форумға Экология, геология және табиғи ресурстар ми­нис­трлігінің Қал­дықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің, Атырау об­лысы бойынша экология депар­таментінің және Атырау об­лысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, «Green economy» «Еуропа-Азиялық қа­уым­дастығы» ЗТБ, KazWaste қазақстандық қалдықтарды бас­қару қауымдастығының өкіл­дері, шетелдік компаниялар, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қал­дықтарын кә­деге жарату жө­ніндегі қызметтерді көр­сететін мамандандырылған кәсіп­орын­дардың меншік иелері мен басшылары қатысты.

Форум барысында ведомство ма­мандары өндіріс және тұтыну қал­дықтарымен жұмыс істеу саласында қызмет көрсететін кәсіп­орындарға қатысты қолда­нылатын экологиялық заңна­маның талаптары туралы ақпа­ратпен бөлісті. Ал ТШО мамандары компанияның әлеуетті бизнес-серіктестерге қоятын ішкі талаптары тура­лы айтты. Қауымдастық өкілдері қалдықтардың жекелеген түрлері бойынша ұлттық стандарттардың талап­тарын түсіндірді. Шетелдік ком­пания өкіл­дері өндіріс және тұ­тыну қал­дықтарын басқарудағы халық­аралық тәжірибелерімен бөлісті.

Атырау облысы экология де­пар­таментінің басшы­сы Әлі­бек Бекмұ­хаметов форумға қатысушыларды қауіп­сіздікке баса назар аударуға және қол­жетімді озық техноло­гияларды белсенді енгізуге ша­­қырды. «Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен өңдеуші компаниялар туралы ақпарат алдық. Сонымен қатар қазақстандық компаниялардың мүмкіндіктерін зерттейтін боламыз. Қажет болса, заң талабы бойын­ша тексеру жүргіземіз. ТШО қазірдің өзінде қалдықтарды өңдеумен айналысады, бірақ мұнымен тоқтап қалмай, үздік технологияларды енгізуді көздеп отыр. Осы тұрғыдан алғанда бұл форумның пайдасы зор», деді ол.

«Қалдықтарды басқару Қа­зақ­стан Рес­публикасының «Жа­­­сыл эконо­микаға» көшуі жө­ніндегі тұжырым­дамасының маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Өздеріңіз білетіндей, «Теңізшевройл» ЖШС эколо­гиялық көрсеткіштерді үнемі жақсартуға ұм­тылады. Сіздер бізді ұдайы бақылап, басты құн­­дылықтарымызбен санасып, қашанда пікірлесіп тұра­сыз­дар. Бұл – біз үшін үлкен мәр­тебе. Бірлескен талап арқы­лы ғана біз жергілікті халық­ты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, экономикалық белсен­ділік­ті арттырып, жоғары сапа стан­­дарттарын енгізіп, қал­дық­тарды барынша өңдеуге және қайта пайдалануға қол жет­кізе аламыз», деді ТШО бас дирек­торының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.

Атырау қаласынан оңтүстік-шы­ғысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан Теңіз кен орнында Қазақстанның әр өңірінен келген мыңдаған жұмысшы тұратын жүзге жуық вахталық қалашықтар мен өндірістік кешен орналасқан. Компанияның өндірістік қызметінің және ілеспе инфрақұрылымның нәтижесінде әртүрлі қалдықтардың 63 түрі жиналады және оның 35-тен астамын компания дербес немесе бөгде ұйымдарды тарта отырып, табысты қайта өңдеуге қабілетті. 2015 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде бөгде ұйымдардың қайта өңдеуі үшін қалдықтарды беру көлемі 700 мың тоннадан асты. Соның ішінде қалдықтарды қайта өңдеуге көп көңіл бөлінеді. Мысалы, 2016-2022 жылдар аралығында 2 259 тонна пластикалық бөтелкелер қайта өңдеуге жіберілді. Оның ішінде пластикалық және ПЭТ түйіршіктері бар басқа да тауар­лар шығарылды. 5 861 тонна қағаз бен картон буып-түю материалдары мен басқа да тауар­лар өндіріске жіберілді. Ал 99 542 тонна бетон қалдықтары құрылыс материалы ретінде пайдаланылды және «үшінші тұлғаларға» берілді.

о

Барлық өндірістік алаңдар, вах­талық кенттер мен ТШО-ның басқа да нысандарында қал­дық­тарды санаттар бойын­ша бөлу үшін түрлі-түсті таңба­ланған арнайы контейнер­лер ор­натылған: пластикалық бөтел­келер, картон, кеңсе қағазы, шы­­ны, бейкон­­ди­циялық металл және т.б.

Шығарылған барлық қалдық­ты Те­ңіз кен орнының өнді­ріс­тік және әкімшілік учаске­ле­рінен өндіріс және тұтыну қал­дық­тарын басқару жөніндегі ком­панияның «хабы» болып саналатын «Тенгиз Эко Центр» ныса­нына тасымалдайды. 100 га аумақ­­та қалдықтарды қа­уіп­сіз қабылдайтын, тарата­тын, уа­қытша сақтайтын және кә­деге жарататын заманауи көп­­функционалды қалдық­тар­­ды басқару нысаны 2004 жылы пайдалануға берілді. Атал­­ған нысанда Tana ағаш қал­дықтарын ұсақтағыш, Parker тас ұнтақтағыштары, BOMAG және Caterpillar қалдық ты­ғыз­­да­ғыштары, Newster меди­цина­лық қалдықтарды кәдеге жаратушы, WHS жартылай автоматты сығым­дау қондырғылары және Itimuse қағаз ұсат­қышы сияқты танымал өндіру­шілердің бірегей жабдықтары жұмыс істейді.

Қайта өңдеу көлемдерін одан әрі кеңейту мақсатында ТШО өнім берушілер нарығына үнемі мониторинг жүргізеді және қал­дықтармен жұмыс істеудің қолжетімді әдістерін зерделейді. Компанияның бұл ынтасы ел Үкіметі белгілеген жасыл қағи­даттарды қолдауға, сол арқылы нормативтік талаптар мен ха­лықаралық стандарттардың сақ­талуын қамтамасыз ете отырып, қалдықтарды басқаруда одан да маңызды көрсеткіштерге қол жет­кізуге және елеулі үлес қосуға мүм­кіндік береді. Айта кетерлігі, бұл ауқымды жобаға қатысушылардың білік­­тілігі мен жоғыры құзыреттілікке ие болуы өте маңызды.