Қоғам • 23 Қыркүйек, 2022

Оралда полиция қызметкері адамды қағып кетті

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша қызметтік тергеу жүргізе бастады. Олар қызметкер мен оның басшыларына қатысты қатаң шаралар қабылдауға уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда полиция қызметкері адамды қағып кетті

Оралда полиция капитаны адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Бұл туралы Анықтау басқармасының бастығы Ерлан Жақсыбаев мәлімдеді.

Жол апаты 18 қыркүйекке қараған түні Бауыржан Момышұлы көшесінде болған. Ер адам дәрігерлер келгенге дейін сол жерде қайтыс болды.

«Бізде жедел-іздестіру іс-шаралары басталды, 345-баптың 3-бөлігі «абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» және 347-баптың «ЖКО орнын қалдыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, бірақ біз оны анықтап, ұстадық. Ол ішкі істер органдарының қазіргі қызметкері болып шықты», деді Ерлан Жақсыбаев.

Полицейдің көлігі айып тұрағына қамалды.