Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2022

БҚО-да ГАЗель мен жеңіл көлік соқтығысты

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО-да жолаушылар ГАЗелі мен жеңіл автокөлік соқтығысты. Жол апатынан бір жолаушы көз жұмып, 14 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да ГАЗель мен жеңіл көлік соқтығысты

Жергілікті БАҚ жол апаты 28 қыркүйек күні кешке болғанын хабарлады. Бөрлі ауданының Ақсай қаласында №3 «ГАЗель» маршруты мен жеңіл көлік соқтығысты. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл хабар жедел жәрдем станциясының пультіне 18:21-де түскен. Жол апатынан барлығы 14 адам зардап шекті, олардың арасында балалар да бар. Оларға жабық бас миының жарақаты, контузия және көгеру диагнозы қойылды.

72 жастағы қарт әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. 64 жастағы әйел аудандық аурухананың хирургиялық бөліміне жатқызылды. Қалған 12 адам амбулаториялық емделуге жіберілді.

БҚО полиция департаменті апат туралы қосымша ақпарат жарияланытынын айтты.