Қоғам • 30 Қыркүйек, 2022

Астанада жалған көлік нөмірімен жүргендер көбейді

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

50 мыңнан астам елордалық жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық бойынша берешек туралы хабарлама алды. Бұл туралы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жалған көлік нөмірімен жүргендер көбейді

«Қорғау» мобильдік қосымшасын іске қосу басталғаннан бері жалған нөмірлік белгілері бар 84 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ көлік тізгіндеген 169 адам көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Коммуналдық тұраққа 681 көлік қамалды. Сонымен қатар 50 мыңнан астам жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 656 млн теңге сомаға берешек туралы хабарланды», деді Марат Төлебаев Астана қаласы мәслихатының отырысында.

Полиция басшысының айтуынша, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 13 259 бұзушыға 42,5 млн теңге айыппұл салынды.

«Қоршаған ортаны қорғау саласында 477 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері 760 840-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 7 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды, 5 млрд теңге өндірілді», деді М.Төлебаев.