Пікір • 03 Қазан, 2022

Жастарды демейтін бастама

681 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының халқымен кездесіп, өңірдің дамуына қатысты мәселелерді айқындап, нақты міндеттерді белгіледі.

Жастарды демейтін бастама

Шәкәрім университеті Абай облысының іргелі жоғары оқу орны және ірі әлеуметтік институт ретінде қоғам алдында аса жауапты рөл атқарады. Оқу ордасы дарынды жастардың өңірде білім алуына, қолдау көрсетуге әрдайым ерекше мән береді. Университет жыл сайын «Алтын белгі» иегерлеріне, пәндік олимпиада мен ғылыми конкурс жеңімпаздарына «Шәкәрім грантын» тағайындап келеді. Осы орайда Президенттің облыстағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлу тапсырмасы өңір жастарына үлкен қолдау деп есептеймін.

Мемлекет басшысы өңірге сапары кезінде Семейдегі университеттердің жанынан IT саласы мен тілдерді терең­детіп оқытатын мектептер ашу қажет екендігін баса айтты. Аталған тапсырманы орындауға Шәкәрім университеті
әзір.

Күні кеше университет жанынан Shakarim high school жұмысын жүргізуге лицензия алынғанын қуана хабар­лаймыз. Сондай-ақ таяу күндері Мемлекет басшы­сының тапсырмасында белгіленген салалар бойынша оқушылар қабылдауды бастаймыз.

Тағы бір екпін түсірілген мәселе – тұлға тәрбиесі. Осы бағытта Президент хакім Абайдың «Толық адам» тұжырым­дамасына сүйене отырып, қоғамда жаңа құндылықтар орнықтыру қажеттігін баса айтты.

Шәкәрім шаңырағының да бүгінгі миссиясы – ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман дайындап, кемел тұлға, яғни Абай айтқан толық адамды қалыптастыру. Өйткені ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген әр тұлға, ер­тең мектеп немесе университет бітіргеннен кейін шетел асып кетсе де туған еліне, жеріне қызмет етіп, елге қайтып ора­лады.

Демек, Президент атаған жобалар Шәкәрім универ­си­те­ті­нің аяқ алысымен дөп келіп, даму қарқынын еселете түсуде.

 

Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ,

Шәкәрім университетінің ректоры

 

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше