Оқиға • 03 Қазан, 2022

Түркістан облысында ірі жол апаты болды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүргізуші полицейдің «тоқта» деген бұйрығына бағынбай,  құтылуға тырысқан. Нәтижесінде бірнеше көлік қақтығысып, жаппай жол апаты болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында ірі жол апаты болды

Төлеби аудандық полиция бөлімінің полицейлері мас күйінде рульге отырған ВАЗ-2103 көлігінің жүргізушісін байқаған. Осы кезде жүргізуші тоқтаудың орнына жылдамдығын арттырып, қашуға әрекеттенген. Кейін көлік басқа көліктермен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан «ВАЗ-2103» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, оның жолаушысы мен «Ауди 100» көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Апатқа байланысты бірқатар сараптама тағайындалды.

Қайтыс болған жүргізушінің туыстары жол апатына байланысты полицияға шағым түсірген. Олардың өтініші бірден тіркелді. Түркістан облысы ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.