Аймақтар • 03 Қазан, 2022

Павлодар облысында Ертіс өзенінің алқабы өртенді

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында Ертіс өзенінің алқабы өртенді

- Бүгін, яғни 3 қазан күні сағат 11:28-де Павлодар ауданының Заря ауылынан 20 шақырым жерде Ертіс өзенінің алқабында құрғақ шөптің жануы туралы хабарлама келіп түсті. Қамыс өртінің 4 ошағы анықталды. 1 ошақта - 30 га, 2 ошақта - 30 га, 3 ошақта - 40 га, 4 ошақ - 40 га жер жанып кетті, - делінген хабарламада.

Дала өрті 17:40-та сөндірілген.

Рavlodarnews.kz сайты таратқан ақпаратқа сенсек, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.