Қазақстан • 04 Қазан, 2022

Елшімен кездесті

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесу өткізді.

Елшімен кездесті

Т.Дүйсенова министрліктің ақпа­раттық жүйелері, мүгедектігі бар адамдарды сырттай куәландыруды және От­ба­сының цифрлық картасын енгізу, әлеу­меттік қолдаудың жаңа шаралары және Әлеуметтік кодекс жобасы шең­бе­рінде көзделген жұмыспен қамту сала­сындағы жаңа саясат туралы хабардар етті.

Тараптар мемлекеттік көрсетілетін қыз­­меттерді автоматтандыру мен цифр­­лан­­дыру, Қазақстандағы шетел аза­мат­тар­ын және шетелдегі Қазақ­стан аза­мат­тар­ын жұмыспен қамту мәсе­лелерін тал­қылады.

Д.Дюшекеев Қазақстанның әлеу­меттік-еңбек саласындағы мемле­кет­тік қызметтерді цифрландыру және элек­трондық еңбек биржасы базасындағы жұмыс­пен қамту қызметтерінің супер­мар­кетін қалыптастыру жөніндегі үздік тәжірибесіне қызығушылық таныт-
ты.

Сонымен қатар министр мен Елші екі ел арасындағы зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселесін қарастырды.

Соңғы жаңалықтар