Саясат • 05 Қазан, 2022

Көміртекті офсеттер нарығы

92 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АХҚО Халықаралық инвесторлар апталығы-2022 көміртекті егіншілікті дамыту тақырыбымен басталды.

Көміртекті офсеттер нарығы

Премьер-Министрдің орын­басары – Сауда және интегра­ция министрі Серік Жұман­ғарин «Еуразиядағы климаттың өзге­руіне қарсы күрес: көмір­тегі биржалары және көмір­тегі шаруашылығының бола­ша­ғы» атты халықаралық инаугу­ра­циялық диалог алаңында сөй­леген сөзінде фермерлер іс жү­зінде өнімнің тағы бір түрін: ауыл шаруашылығы климаттық жобалары бойынша көміртегі бірліктерін өндірушілерге айналып жатқанын айтты.

«Ірі халықаралық агроком­паниялар көміртекті прак­ти­каға көшкені үшін фермер­лерге сыйақы төлеуді көздей­тін кө­міртекті егінші­лік бағ­дар­ламаларын қалыптас­ты­руда. Халықаралық корпорация­лар көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жоспарларын белсенді түрде жариялап жатыр және есептерінде офсет деп аталатын сатып алынған көміртегі бірліктерінің көлемін көрсетеді. Офсеттің ең ірі сатып алушылары – (Google, Microsoft) цифрлық алыптар, (Delta) әуе компаниялары, (JPMorgan Chase, Goldman Sachs) инвестициялық банктер. Нарықтық тетіктің тиімді жұмыс істеу факторларының бірі – квоталау субъектілерінің, яғ­ни шығарындылары заңмен шек­телген компаниялардың офсет­терді есепке алу мүмкіндігі. Бұл тұрғыда Қазақстан көмір­те­­гі бірліктері нарығын ұйым­­­­дастырудың неғұрлым ин­­клю­зив­ті моделі бойынша жүре бас­­тады: қазақстандық ком­па­­ния­­­лар­дың Қазақстан аума­ғында іске асырылып жатқан кли­мат­тық жобалар бойынша на­рықта сатып алынған офсеттерді шектеусіз есептеуге мүмкіндігі бар», деді С.Жұманғарин.

Офсеттерді есепке алу шегі шектеулі. Мысалы, Қытайдың реттелетін ұйымдары офсеттермен белгіленген шығарындылар квотасынан 5%-дан аспайтын мөлшерде өтемақы төлей алады.

«Алайда қазірдің өзінде Қы­тайда да, Еуропалық одақта да көміртекті офсеттер нарығын не­ғұрлым белсенді дамыту туралы пікірталас жүргізіліп жатыр. Қазақстанның тәжірибесін әріп­тес­теріміз ескереді деп үмітте­неміз», деді ол.

Осылайша, Қазақстан көмір­тегі бірліктерін өндіру саласын ынталандыру және көміртекті офсеттер нарығын қалыптастыру бойынша үлкен қадам жасады.

Айта кетелік, биыл 3-7 қа­зан аралығында «Астана» ха­лық­­аралық қаржы орталығы Үкіметтің қолдауымен Халық­аралық инвесторлар апталығын гибридті форматта өткізіп жатыр. Бір­лесіп ұйымдастырушылар мен қа­ты­сушылар қатарында Халық­­аралық қолданбалы жүйені талдау институты (IISUSA), БРИКС халықаралық бәсе­ке­лестік құ­қық және саясат орта­лығы, TALAP қолданбалы зерт­теу­лер ор­талығы, Ұлттық ESG-клубы, GFC бар.