Медицина • 05 Қазан, 2022

Қарағандыда университет клиникасы салынады

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі жылы Қарағандыдағы медициналық университет жанынан аурухана салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда университет клиникасы салынады

Бұл жайында Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жасаған сапары кезінде белгілі болды.

«Медициналық білім беру жүйесін дамыту – басты міндеттің бірі. Қарағанды медицина университеті бүкіл еліміз үшін білікті мамандар даярлайды. Бұл оқу орнын дәрігерлер ұстаханасы деуге болады. Құзырлы министрлік университеттер жанынан 5 аурухана салу туралы жоба ұсынды. Соның бірі Қарағандыда салынады. Университет клиникасының құрылысы келесі жылы басталуы керек. Оны заманауи құралдармен жабдықтау қажет. Клиника осы өңірде медицина ғылымын дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге тың серпін береді деп сенемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.