Пікір • 07 Қазан, 2022

Қоғамдық қабылдаудың жұмысы күшейтіледі

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтті. Ауқымды әрі мәнді іс-шараға 1200-ден астам адам қатысты. Күн тәртібіне сәйкес алдымен алдағы президенттік сайлауға партиядан кандидат ұсыну мәселесі қаралды.

Қоғамдық қабылдаудың жұмысы күшейтіледі

Пікір алмасып, дауыс беру рәсімі­нен кейін съезге қатысушылар бірауыздан шешім қабылдап, «Аmanat» партиясы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты президенттікке кандидат етіп ұсынды.

Партия төрағасы Ерлан Қошанов өз сөзінде атап өткендей, табысты респуб­лика құруды бірге бастадық. Сон­дықтан бүгінде «Аmanat» пар­тиясының міндеті – барша қазақ­стандықты Президенттің озық реформалары төңірегіне топтастыру.

Күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылау барысында съезд делегаттары бірауыздан партияның жаңа саяси тұғырнамасын қабылдады. Бұл құжат азаматтардың қажеттілігіне жауап береді. Сондай-ақ күн тәртібінде тұр­ған негізгі талаптарға сай келеді.

Пікірталас барысында мен пар­тияның негізгі идеологиялық құжаты туралы өз ойымды ортаға салдым. Біздің қоғам демократиялық прин­циптерге құрылып, пікір алуан­дығы мен сөз бостандығын сақтау керек. Сонымен бірге ұлттық ақпарат­тық кеңістікті сыртқы және ішкі қауіп­терден қорғау қажет. Бұл ұсыныс талқылау барысында қолдау тапты.

Сонымен қатар саяси тұғырнама­да өзекті мәселелер мен оларды шешу жол­дары көрсетілген. Осы орайда қо­ғамдық қабылдаулардың жұмысын мысалға келтіре аламыз. Солардың еңбегі арқылы біздің партия филиалы жергілікті тұрғындардың мәселелерінен үнемі хабардар. Уәкілетті органдармен тығыз өзара іс-қимылдың нәтижесін­де мәселелер жылдам шешіледі. Бұл тұрғыда саяси тұғырнама қоғамдық қабылдаулардың жұмысын күшейтеді.

 

Әсем РАХМЕТОВА,

«Аmanat» партиясы Солтүстік Қазақстан облысы филиалының атқарушы хатшысы