Пікір • 07 Қазан, 2022

Үміт сөзі

422 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар өңіріне жасаған сапарында әкеміз, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рамазан Тоқтаров туралы тамаша бір естелік айтты. Мемлекет басшысының аталған естелігінен кейін ерекше толқып, бөлек бір күй кешкеніміз рас.

Үміт сөзі

Дәлірек айтсақ, Мемлекет бас­шысы Павлодардағы әкем оқыған Абай атындағы гимна­зияға барған екен. Мектеп ұжы­мы әзірлеген Рамазан Тоқтаров туралы көрмені тамашалаған Прези­дент: «Рамазан Тоқтаров­тың біздің халқымызға өте танымал, көрнекті жазушы екені күмәнсіз. Оны мен білуші едім. Өйткені марқұм әкем кезінде Жазушылар одағында онымен бірге, бір кабинетте отырды. Рамазан Тоқтаров біздің үйімізге келіп, әкеммен дәмдес болған. Екеуі жақсы араласты, бірге жүрді. Сондықтан Рамазан Тоқ­таровтың шығармашылығын жақсы білемін. «Абайдың жұм­­­бағы» деген романын ол кіс­і­­нің еңбектерінің шыңы деп айту­­ға болады. Рамазан Тоқ­таров­­тың жазу стилі күрделі емес, бірақ бірегей деп айтуға бола­­ды, өте ерекше. Рама­­зан Тоқтаров – өте танымал, аса құрметті жазушы. Біз бәрі­­міз оны мақтан тұтамыз», деп ес­­телік айтыпты. Сондай-ақ мек­теп оқушылары Мемлекет бас­шысына әкемнің «Ертіс мұ­хит­қа құяды» деген кітабын тарту етіпті.

Бұл біз үшін, Рамазан Тоқ­таров­­тың ұрпақтары үшін зор мәр­те­бе, мақтаныш. Сондықтан ере­к­ше естелігімен бөліскен Мем­лекет басшысына, мәртебелі мей­ман­ның назарына әкеміз туралы көрмені ұсынған мектеп ұжымына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Рас, кезінде оқылымды жазу­шы­­лардың қатарында болған әкем­нің өмірден өткен соң назардан тыс қалып қойға­ны­на жү­ре­гіміз ауырып, алаң­дау­шы едік. Перзенті болған соң кітапт­ары қайта басылып, туып-өскен топырағы – Павло­дар қа­ласынан бір көшеге аты берілсе екен деп армандайтын­быз. Не­сін жасырайық, Президенттің Рама­зан Тоқтаров туралы айтқан есте­лігі бізге үлкен үміт сыйлады. 

 

Бақыт РАМАЗАНҚЫЗЫ