Оқиға 5 қазанда Өскемен – Рахман қайнары тас жолының 227-ші шақырымында болған. «AM Logistic» ЖШС-не тиесілі автоцистернасы бар КамАЗ көлігі тас жолда аударылып қалған.
«Оқиға салдарынан автоцистернадан жалпы массасы 25 тонна күкірт қышқылы 50 шаршы метр жер учаскесіне ағып кетті. Күкірт қышқылын залалсыздандыру мақсатында «Казцинк» ЖШС 15 тонна әк бөлді. Топырақ жамылғысының ластану дәрежесін анықтау үшін топырақтан сынамалар алынды», деп хабарлады мемлекеттік мекеме.