Коронавирус • 10 Қазан, 2022

Қазақстанда балалар арасында індет жұқтыру жағдайлары азайды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында елімізде балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайлары азайып бара жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда балалар арасында індет жұқтыру жағдайлары азайды

«Балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де бар. Десек те, соңғы айларда көрсеткіш төмендей бастады. Сегіз айдың ішінде сегіз мыңға жуық бала коронавирустық инфекциямен ауырды, бүгінде сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады», деді Ажар Ғиният журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 100-ден астам науқас стационарларда емделіп жатыр.

«Негізінен ересектер ауырады, балалар арасында маусымдық вирустық инфекция тарап жатыр. Мен бұл коронавирустық инфекция немесе басқа бір жаңа инфекция деп айта алмаймын. Қазір Қазақстанда тұмау мен парагриппке дайындалу, вакцинация науқаны мен аурудың алдын алу шаралары жүргізілуде. Көпжылдық бақылауларды есепке алсақ, маусымдық сырқаттанушылық қараша айында көтеріледі», деп түйіндеді Ажар Ғиният.